Фото: Северсталь
Қайғылы оқиға «Северсталь» компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында болған.
«4 қаңтарда ЧерМК (Череповец металлургия комбинаты) өнеркәсіптік алаңының аумағында мердігер ұйымдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасының екі азаматы жансыз күйде табылды. Қазір өлімнің себебі анықталып жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», делінген «Северсталь» компаниясының хабарламасында.
Ресей Федерациясының Вологод облысының Тергеу комитетінің мәліметінше, шұғыл тергеу тобы да іске қосылған. Қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталып жатыр.
Петропавлда интернет желісін тартумен айналысқан жұмысшы қаза тапты
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада құрылыс нысанында жұмысшы биіктен құлап, көз жұмған болатын. Полицияның мәліметінше, қасбеттік жұмыстар жүргізу кезінде аспалы көтергіштің тросы үзіліп кеткен. Ішінде болған 41 жастағы ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Павлодар облысында «Богатырь Көмір» кенішінде жұмысшы қаза тапты