Экономика • 14 Қаңтар, 2026

Энергетика министрлігі: Желтоқсан айында КҚК арқылы мұнай жөнелту көлемі төмендеді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі 2025 жылғы желтоқсан айында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемінің төмендеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Энергетика министрлігі: Желтоқсан айында КҚК арқылы мұнай жөнелту көлемі төмендеді

Энергетика министрлігі желтоқсан айында КҚК теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемінің уақытша төмендегенін растады.

«Бұл жағдай ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы салдарынан қашықтағы айлақ құрылғысының (ВПУ-3) жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатумен, сондай-ақ Қара теңіз акваториясындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайларына (дауылдар) байланысты болды. Аталған факторлардың салаға әсерін барынша азайту және мұнай өндірудің тоқтап қалуына жол бермеу мақсатында экспорттық ағындарды қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізілді. Мұнай көлемінің бір бөлігі баламалы бағыттарға қайта бағдарланды. Атап айтқанда, Атырау-Самара бағыты бойынша тасымал көлемінің артқаны және Қытай Халық Республикасына жеткізілімдердің ұлғайғаны тіркелді», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, қалған экспорттық бағыттар бойынша тасымалдау орташа жоспарлы көрсеткіштер деңгейінде сақталған.

Қазақстандық мұнай теңізге неге жете алмай жатыр?

Еске салайық, бүгін «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі Каспий құбыр консорциумының терминалына мұнай тиеу үшін бағыт алған MATILDA кемесінің ұшқышсыз аппараттардың шабуылына ұшырағанын хабарлады.

Министрлік деректеріне сәйкес, КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан мұнай өндіру көлемі 480 мың тоннаға азайған.

Айта кетейік, 29 қарашада Астана уақытымен 06:06-да Новороссийск порты ауданында КҚК-ның теңіз инфрақұрылым нысандарына экипажсыз жүзу құралдары арқылы шабуыл жасалған еді. Нәтижесінде теңіздегі қашықтағы айлақ қондырғысы ВПУ-2 (қалқымалы тиеу құрылғысы) айтарлықтай зақымдалды. Ермек Көшербаев КТК-ға жасалған шабуылды Украина тарапымен талқылады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов КТК-ға толыққанды балама жоқ екенін, ал өзге бағыттар тек жүктің белгілі бір бөлігін ғана тасымалдай алатынын айтқан еді. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әлеуметтік желілерде Каспий құбыр консорциумының терминалына жасалған шабуылды қолдаған азаматтарды жауапқа тартуды талап етті. 

Соңғы жаңалықтар