Фото: Oqu-agartu ministrligi
Ресми түрде расталды
Осылайша колледж аталған бағыт бойынша халықаралық талаптарға сай екені ресми түрде расталған Қазақстандағы алғашқы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатарына кірді.
Аккредитациялау барысында KazWeld сарапшылары оқу орнының білім беру бағдарламаларын, материалдық-техникалық базасын, кадрлық әлеуетін және білім алушылардың даярлық деңгейін кешенді түрде бағалады. Сараптама нәтижесі бойынша колледждің халықаралық салалық стандарттарға толық сәйкес келетіні анықталды.
Колледждерде студенттерді халықаралық сертификаттау басталды
Халықаралық деңгей
Аккредитация қорытындысы педагогтер мен студенттердің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Өндірістік оқыту шебері халықаралық деңгейдегі практик-маман дипломын алды, ал оқытушыға халықаралық дәнекерлеу маманы мәртебесі берілді. Сонымен қатар 2,3 курс студенттері арасынан 10 білім алушы халықаралық практикалық аттестациядан сәтті өтіп, өз біліктіктерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін дәлелдеді.
Мүмкіндіктерді кеңейтеді
Халықаралық салалық аккредитация оқу орны үшін білім сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Ол студенттерге IIW стандарттарына негізделген практикалық бағыттағы даярлықтан өтуге мүмкіндік беріп, түлектердің отандық және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеді.