Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026

Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікті қолға түсті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 21 жастағы қызды өлдірді деп айыпталған күдікті ер адам ұсталды. Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікті қолға түсті

Фото: видеодан алынған скрин

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні іздеу барысында қаланың кіреберістері мен шығаберістерінде бақылау күшейтіліп, аумақты жаппай тексеру жұмыстары ұйымдастырылған.

Нәтижесінде күдікті қаладан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақта қолға түскен. 

«Қазір 28 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті марқұм қыздың танысы болған. Қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлары тергеу барысында анықталады», делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, Шымкенттегі Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты үйдің алдынан пышақ жарақатынан жан тапсырған жас қыздың мәйіті табылған еді. 

Бұған дейін Алматы тауларында үш адам жоғалып кетіп, бір адамның мәйіті табылғанын хабарлағанбыз.  Желтоқсан соңында Алматы тауларында сноуборд тепкен қыз көз жұмып, құтқарушылар оның мәйітін тапқанын мәлімдеген. 

Өткен жылдың қараша айында Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында №3 Байзақ колледжінің 16 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсап, кейіннен мәйіті табылған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10