Заң • 13 Қаңтар, 2026

Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында «Талапкер-ЖТ» ЖШС-нің бұрынғы директоры жер учаскесіне қатысты алаяқтық ісі бойынша сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды

Қадағалау органының мәліметінше, кәсіпорын басшылығының әрекетіне Талапкер ауылының пайшылары шағымданған. Аталған серіктестік мал азықтық дақылдарды және олардың тұқымын өсірумен айналысады.

Тергеу дерегіне сәйкес, 2025 жылғы тамыз айында кәсіпорын басшысы серіктестікке тиесілі аумағы 211 гектар жер учаскесін заңсыз сатып жіберген. Мәміле сомасы 7,3 млн теңгені құраған. Прокуратураның араласуынан кейін іс сотқа жолданған.

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

– Целиноград аудандық сотының үкімімен ЖШС-нің бұрынғы директоры алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3,6 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – деп хабарлады прокуратура.

Сондай-ақ сотталған азамат 4 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар