Фото: Ашық дереккөзден
Қазір марқұмның жеке басы анықталған. Ал күдікті деп танылған 1997 жылы туған Аймахан Шерханға қатысты іздеу жарияланып отыр. Ол оқиға орнынан 015 AUY 17 мемлекеттік нөмірлі Hyundai Mufasa көлігіне мініп, қашып кеткен.
Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм қыз күдіктімен бұрын таныс болған.
Полиция осы оқиғаға байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің қайда екенін анықтау, ұстау және жауапкершілікке тарту үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.
Қалалық полиция басқармасы іске қатысты өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сай жарияланбайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін Алматы тауларында үш адам жоғалып кетіп, бір адамның мәйіті табылғанын хабарлағанбыз. Желтоқсан соңында Алматы тауларында сноуборд тепкен қыз көз жұмып, құтқарушылар оның мәйітін тапқанын мәлімдеген.
Өткен жылдың қараша айында Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында №3 Байзақ колледжінің 16 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсап, кейіннен мәйіті табылған еді.