Мәдениет • 09 Қаңтар, 2026

Польшадағы қайырымдылық концертінде Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшада Димаш Құдайберген шығармашылығын насихаттайтын «DiVoices» атты топ бар. Олар қазақ әншісінің туындыларын төрт дауыста хормен шырқайды. Жақында олар Польшада қайырымдылық концертін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Польшадағы қайырымдылық концертінде Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды

Фото: Dimash.news

Ән думаны 2026 жылғы 4 қаңтарда Ольштын қаласында өтті. Концерт Laurentius қамқорлық үйінің тұрғындарына арналды.

DiVoices хоры үш жыл бұрын құрылған. Ұжым Димаш Құдайбергеннің Польшадағы фан-клубы мүшелерін біріктіреді. Хордың басты мақсаты – әншінің шығармаларын хорлық форматта орындау.

Кеш барысында поляктың бірнеше рождестволық әні шырқалды. Олар төрт дауыста орындалды. Сонымен қатар Димаш Құдайбергеннің Makhabbat, «Незабываемый день» және Daididau әндері қазақ тілінде орындалды.

Концерт соңында екі танымал поляк әні шырқалды.

Кездесу тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды. Қарттар үйіндегі іс-шара тірі музыканың жан жадыратар қасиетін көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Экономика • Бүгін, 08:55

Автобус паркі жаңартылды

Аймақтар • Бүгін, 08:48