Фото: kz.kursiv.media
Министрлік мәліметінше нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтамаған.
«Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтіп отыр, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді. Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Жалпы елімізде өңірлердегі мәдени нысандарды жаңғырту жұмыстары қолға алынған. 2025 жылдың желтоқсан айында салалық министрлік Астанадағы Қуыршақ театрына жаңа ғимарат салу бастамасы көтерілгенін жариялаған. Сондай-ақ елордадағы «Жастар» театры ғимаратын жөндеу жоспарланған.
Айта кетейік, Жетісу облысының мәдени өмірінде тарихи оқиға болып, көптен күткен Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді.