Қылмыс • 08 Қаңтар, 2026

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция Жангелдин ауылында қаза тапқан ерлі-зайыптылардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Әкімдік 29 жастағы күдіктінің отбасы қарапайым тұрмыс кешетінін, ешқандай есепте тұрмағанын айтып отыр. Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасы – зейнеткер. Осыған дейін көршілерден шағым түспеген, жанжал тіркелмеген. Үйде 5 кәмелетке толмаған бала тұрады.

– Екі бала мектепте оқиды, сабақтан қалмай жүр. Тағы екеуі балабақшаға барады. Бірі – жаңа туған сәби. Тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, – деп хабарлады әкімдік.

Сәрсемалиевтің анасы ұлының қазір қайда екенін білмейтінін айтқан. Бұған дейін ұлы әрдайым байланыста болған, алаңдататын белгі байқалмаған.

Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланды. Өйткені, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша басты күдікті болып тұр.

– Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, өзге тұлғалардың ықтимал қатыстылығын тексеріп жатыр, – деп хабарлады полиция.

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады.

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: тың деректер жарияланды

Соңғы жаңалықтар