Ауыл тұрғындарының айтуынша, алдымен ұлы Наурыз Ақтау бағытына жұмысқа кететінін айтып, содан кейін байланысқа шықпаған. 2025 жылдың қазан айында бүкіл отбасы ауылдан дәрігерге қаралу үшін кеткені айтылғанымен, нақты бағыты мен барған жері анықталмаған.
Отбасы кеткеннен кейін WhatsApp арқылы ұлының атынан мал сатылып, қаражат Kaspi қосымшасы арқылы әкесінің шотына аударылғаны белгілі болған. Сонымен қатар олардың такси қызметін пайдаланбағаны және қалааралық автобус билеттерін алмағаны айтылады. Осыған байланысты отбасы жеке көлікпен әкетілуі мүмкін деген болжам бар.
Полицияға ресми арыз 2025 жылғы 25 желтоқсанда түскен. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізіліп, бағыттамалар елдің өзге өңірлеріне, соның ішінде Маңғыстау облысы аумағына жолданған.
Аталған адамдардың барлығы III топтағы мүгедек ретінде тіркелген. Қандай да бір ақпаратқа ие азаматтардан құқық қорғау органдарына хабарласу сұралады.