Төтенше жағдай • 27 Желтоқсан, 2025

Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 180-шақырымында, Теміртау қаласы маңында жолаушылар автобусы техникалық ақауға ұшырады. Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды

Видеодан алынған кадр

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, автобуста болған 32 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Жолаушылар жылыту пунктіне жеткізілді. Олардың арасында Қытайдың 2 және Өзбекстанның 2 азаматы бар.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

27 желтоқсанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелді?

Эвакуацияланғандар құтқарушыларға дер кезінде көрсетілген көмек пен жедел әрекеттері үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42