Экономика • 23 Желтоқсан, 2025

Салық жүйесі «таза парақтан» қайта құрылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент тапсырмаларын орындау және жүріп жатқан салық реформасы аясында Үкімет салықтық әкімшілендіру жүйесін қайта жүктеуді бастайды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Салық жүйесі «таза парақтан» қайта құрылады

фото: ашық дереккөз

Үкімет басшысының айтуынша, салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» жүргізіледі. Яғни, ескі, күрделі және түсініксіз талаптар қайта қаралып, жүйе кәсіпкерлерге барынша жеңіл әрі ашық болуға тиіс.

«Бұл шаралар барлық микро және шағын бизнес субъектілеріне оң әсерін тигізеді. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдап, ақпараттық жүйелердің дайындығын қамтамасыз ете отырып, барлық ұйымдастыру жұмыстарын жедел жүргізу қажет», деді Премьер-министр.

Басты мақсат – кәсіпкерлерге артық салмақ салмай, салық төлеу үдерісін қарапайым, түсінікті және әділ ету.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37