Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2025

Атырау облысында қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында кешеден бері ауа райы күрт өзгеріп, қатты желдің салдарынан дауыл күшейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырды

«Қазгидромет» РМК бүгін Атырау облысының солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20-дан 28 метрге жететінін хабарлады. Ал оңтүстігінде секундына 30 метрден асуы мүмкін.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті сыртқы имидждік жұмыс және коммуникациялар тобының дерегіне қарағанда, 13-14 джелтоқсанда жел екпінінің күшеюінен бірнеше нысанның шатыры ұшқан.

«Мұндай оқыс оқиға Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандары мен Атырау қаласында тіркелді. Аудандарда әлеуметтік нысандар мен өзге де ғимараттардың, Атырау қаласында тұрғын үйлердің шатыры бүлінді. Департамент құтқарушылары құлаған шатыр мен қауіп төндіріп тұрған бөліктерін алып тастау жұмысын жүргізіп жатыр», деп хабарлады департаменттің сыртқы имидждік жұмыс және коммуникациялар тобы.

Департаментте ауа райының құбылуына байланысты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42