Тағзым • 13 Мамыр, 2025

Арда ақын – азамат ер

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Темірхан Медетбек ерек­ше дарынды адам еді. Одан бөлек тау-тұлғаның мейірімшіл, көпшілдігі де елдің есінде. Аяулы ағаның әдебиетке сіңірген еңбегі мен біртуар ақындығы баршаға аян.

Арда ақын – азамат ер

Ең алдымен, адамгершілігі мықты адам еді. Барлық дүниеге жаны ашып, әйтеуір болса екен деп тұратын ғажайып жан болатын. Бәріміз аяулы ағаны осы бір кіршіксіз көңілі үшін, кең жүректігі үшін жақсы көретінбіз. Ағамыз туралы көп жақсы әңгіме айтуға болады. Дегенмен, арда ақынның азаматтығын ерекше құрметтейміз. Жа­зушылар одағының хатшысы болып тұрғанда да, басқа қызметте жүргенде де әрқашан ар сөзінен аттаған жоқ, ақиқатынан айныған жоқ. Әдебиетке ешқандай бір жеке мүддесіз шынымен жаны ашитын, қай сәтте де өзінің азаматтық пікірін айта алды. Таланттарға қамқор, өнегесі көп, болмысы бөлек адам еді. Қай істің басына барса да жауапкершілікпен, азаматтық көзқараспен қарады. Кейінгі жастарға да жылы сөзін көп арнады. Аға буынның ақындық шеберлігі мен азаматтық келбетіне кейінгі буын – біз, әрдайым сүйсініп өттік. Темірхан ақын Маңғыстауда жүріп оқыр­манға кеңінен танылды. Сонда әдебиетсүйер жұрттың жапа-тармағай оқы­ған авторы Темірхан Медетбек болды. Өзіміз де шығармаларын оқып өстік. Ерекше сыйладық. Әрине, көз алдымызда жүрген аяулы жанды кім өлімге қисын? Қимаймыз. Десе де арда азаматтың уақыты келген екен. Қайталанбайтын талант­ты ақын, жаны ізгі адам еді. Ол кісінің есімін бар қазақ ұмыт­пайды.

 

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,

ақын

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55