Абай • 14 Сәуір, 2025

Абай әндерінің рухани мазмұнына тереңдеген жиын өтті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Абай айналасындағы ән дәстүрі» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Абай әндерінің рухани мазмұнына тереңдеген жиын өтті

Абайдың ақындығынан кейін, оның музыкалық мұрасы кең ауқымда зерттелетін тақырып. Хакім  саз өнеріне де өлеңге қоятын талаппен қарағаны анық аңғарылады. Оның әндеріндегі өзгеше пішін, тың ырғақ, ерек әуен қазақ халқының музыкалық талғамын жаңа биікке көтерді. Ал оның Шәкәрім, Ақылбай сынды рухани шәкірттері Абайдың ән мектебін өзінше жалғастырып әкетті.

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Болат Қорғанбек Абай әндерінің рухани мазмұнын зерттеуде жаңаша көзқарас керектігін жеткізді. 

«Екі түрлі заман мен мекенде өмір сүрсе де, рухани кемелдікке жеткен жандардың ой-пікірі бір арнада тоғысып жатады. Біздің зерттеу нысанымыздағы Абай да осындай жан. Ол ән-өлеңдерін А. Пушкинмен, М. Лермонтовпен бір деңгейде иықтасып отырып шығарды. Өмірінің соңғы жылдарында хакім назарын сыртқы әлемге емес, өзінің ішкі әлеміне қарай аударды. Катарсистік һәл кешті. Сол сезімін «улы сия, ащы тілмен» жеткізе білді», деді Б. Қорғанбек.

Мәдени жиында Абай және оның шәкірттерінің ел ішіне тарай қоймаған бірқатар әндері орындалды.

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37