Оқиға • 31 Наурыз, 2025

Ақордада Словения Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақордада Словения Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше