Қоғам • 27 Наурыз, 2025

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрады

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрады

Фото: Ашық дереккөз

Қала мен ауылдардағы өмір сүру ұзақтығында белгілі бір айырмашылық бар. Қала тұрғындары орта есеппен 76 жыл өмір сүрсе, ауылдықтар 74 жасқа дейін жетеді.

Сонымен қатар айта кетейік, әйелдер ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді екен. Нәзік жандылардың орташа жасы – 79, ал ер адамдардың ғұмыры шамамен 71 жасты құраған.

Өңірлер бойынша ең ұзақ өмір сүру көрсеткіші Алматы қаласында – 78 жас, ал Ұлытау облысында бұл көрсеткіш ең төмен – 72 жасты құраған.

Бұл деректер Қазақстан халқының денсаулығына көңіл бөлініп, өмір сапасының артып келе жатқанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20