Төтенше жағдай • 09 Наурыз, 2025

Қызылорда облысында еріген қар суы ауылға кірді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың жылдам еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне топан су жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында еріген қар суы ауылға кірді

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қарғын су тұрғын үйлерге кірмеген, зардап шеккендер жоқ.

- Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдары жедел жетті. Тасқын судың салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам, 14 техника, соның ішінде мотопомпалар жұмылдырылды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Төтенше жағдай қызметінің хабарлайынша, жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерге су кіруіне жол берілген жоқ. Қазір еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37