Футбол • 07 Наурыз, 2025

Футзалдан Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчы өтті, онда Қазақстан мен Албания құрамалары кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті

Кездесу 4:2 есебімен аяқталды.

Топта бірінші орын алған команда 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жалғыз жолдаманы алады.

Айта кетейік, бес турдан кейін 6-топтың турнирлік кестесі келесідей: Қазақстан – 10 ұпай, Армения – 10 ұпай, Албания – 3 ұпай, Дания – 3 ұпай.

Қазақстан іріктеудегі соңғы матчын 12 наурыз күні сырт алаңда Арменияға қарсы өткізеді. Сол матчта Еуро-2026 жолдамасының тағдыры шешіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50