Төтенше жағдай • 26 Қаңтар, 2025

ШҚО-дағы газ құю станциясында алапат өрт шықты

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында КАМАЗ маркалы газ тасығыш жүк көлігі өртенді. Оқиға Северная көшесіндегі газ құю станциясының аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-дағы газ құю станциясында алапат өрт шықты

Облыстық ТЖД мәліметінше, жүк автомобилінің моторлы бөлігі және кабинасы жанған.

Өрт сөндірушілер жоғары жылу әсері жағдайында жұмыс істеуге арналған арнайы жылу шағылыстырғыш костюмдерді киіп, қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, отпен күресіп жатыр. Қызыл жалын оқшауланды.

Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15