Мереке • 17 Қаңтар, 2025

Мемлекеттік кеңесші қос басылымды 105 жылдығымен құттықтады

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі бас басылымдар «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газеттері 105 жылдан бері оқырман қолына жетіп келеді, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік кеңесші қос басылымды 105 жылдығымен құттықтады

Фото: Ақорда

2024 жылдың желтоқсан айында ел газеті «Egemen Qazaqstan» мерейлі датаны «Егеменнің елдік жолы» форумы аясында атап өтті. 

Ал бүгін «Казахстанская правда» «Үлкен жолдың кезеңдері» ғылыми-тәжірибелік конференциясында басылым тарихына тоқталды. 

Ғасырдан аса жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан қос басылымды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құттықтады. 

Мемлекеттік кеңесші ұлт баспасөзінің ұстыны саналатын басылымдардың қазақ журналистикасының темірқазығына айналғанын атап өтті. 

«Бүгінде іргелі ұжымдар халық мүддесіне, ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп отыр. Мемлекеттік саясаттың мән-маңызын түсіндіруге белсене атсалысып, тың бастамалар мен жаңа реформаларды жүзеге асыруға үлес қосып келеді», деген Ерлан Қарин басылым қызметкерлерінің алдағы уақытта да еліміздің өркендеу жолында қажырлы еңбек ете беретініне сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37