Оқиға • 08 Қаңтар, 2025

Алматы облысында пара алған колония басшысы сотталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаев қаласының соты №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П.Писарев және №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е.Бөлекбайға пара алу ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында пара алған колония басшысы сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қамқор болу және оларға тыйым салынған заттарды бірнеше рет кедергісіз алып өту үшін пара алынғанын дәлелдеген.

«Тергеу барысында жиналған дәлелдемелер қарастырылып, П.Писарев келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сотталушы Е.Бөлекбай да кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37