Өнер • 23 Желтоқсан, 2024

«Астана сазы» фольклорлық ансамблі жеке концерт берді

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Астанада жеке концертін өткізді, деп жазады Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Астана сазы» фольклорлық ансамблі жеке концерт берді

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Концерт Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында өтті.

«Астана сазы» – ұлттық музыка мен дәстүрлерді насихаттап, халық шығармашылығының даралығын сақтап жүрген Қазақстанның жетекші фольклорлық ұжымдарының бірі.

Концерт бағдарламасы ұлттық музыка өнерінің үздік туындыларын, күй, ән, би және олардың заманауи интерпретацияларын қамтыды. Әрбір орындау көрерменге ұмытылмас музыкалық әсер сыйлады.

пм

Көрермен үшін ерекше сый - кеште Музыкалық-драмалық жас көрермендер театры өнер көрсетіп, ең танымал музыкалық нөмірлерін ұсынды.

Концертке мәдениет саласының көрнекті қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары және «BIRLIK» би ансамблі қатысты.

р

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15