Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024

Павлодар облысында ұйым басшысы жалған оқу куәлігін берген

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Ақсу қаласындағы кәсіпорын басшысы «Электро-газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқудан өткені туралы жалған куәлік бергені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында ұйым басшысы жалған оқу куәлігін берген

фото ru.freepik.com

Ұйым басшысы жалған куәлік бергені үшін коммерциялық сатып алу ретінде заңсыз ақша қаражатын иемденген. Бұл деректі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша ЭТД қызметкерлері анықтады.

Тексеру барысында оқытудың іс жүзінде жүргізілмей, құжаттар формальды түрде жасалғаны белгілі болды.

«Электро-газбен дәнекерлеуші мамандығын алған адам құрылыс, мұнай өндіру секілді маңызды салаларда жауапты қызмет атқаратындықтан, оқытусыз сертификат беру қауіпті», делінген ведомство хабарламасында.

Ақсу қалалық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, оған оқыту-білім беру қызметімен байланысты коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 2 жылға айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37