Футбол • 03 Қыркүйек, 2024

«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Александр Кержаков «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

Фото: www.sovsport.ru

Анықталғандай, ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған.

Оған қоса Кержаковтың көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кететіні белгілі болды.

Айта кетейік, Александр Кержаковтың жетекшілігімен «Қайрат» 12 матч өткізіп, алты рет жеңіске жеткен.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50