Үкімет • 03 Қыркүйек, 2024

Жаңа министр Ербол Мырзабосынов ант қабылдады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін үкімет отырысында күні кеше тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ант қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа министр Ербол Мырзабосынов ант қабылдады

Фото: видеоскрин

«Қазақстан халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін. Өзімнің барлық іс-әрекеттерімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстануға. Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға ант етемін», деді Ербол Мырзабосынов.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа министрдің қызметіне табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15