Білім • 03 Тамыз, 2024

Мемлекеттік білім гранты қалай бөлінеді? Маманның жауабы

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік гранттар қалай бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік білім гранты қалай бөлінеді? Маманның жауабы

Бұл сұраққа ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева жауап берді.

Гранттар ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады. «Білім туралы» Заңға сәйкес бірнеше квота қарастырылған.

Мысалы, талапкер ауыл мектебінің түлегі болса, оның грант конкурсына ауыл квотасы бойынша қатысу құқы бар. Егер ауылдық талапкер ауыл квотасы бойынша грантқа ие бола алмаса, жалпы конкурсқа қатысу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл механизм барлық квоталарға тиесілі.

Сондай-ақ биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар (50%) сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сараланған грант иегерлері толық шәкіртақы алады.

Еске салайық, 104 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37