Бокс • 03 Маусым, 2024

Балауса Мұздыман қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын Қазақстан боксшысы Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді, деп жазады Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Балауса Мұздыман қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

Фото: Видеокадр. Tengrinews.kz

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек 3 минутта аяқталған. Үндістаннан келген Моника Сингхпен басталған шайқаста 43 секундтан кейін боксшы қыз сәтті соққы жасап, нәтижесінде үндістандық жекпе-жекті жалғастыра алмаған.

Осылайша, Балауса Мұздыман төрт жекпе-жектің төртеуінде де жеңіске жеткен, оның үшеуін нокаутпен аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15