Бокс • 25 Наурыз, 2024

Бакудегі халықаралық бәсеке: Бүгін 3 боксшымыз шаршы алаңға шығады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокс бәсекесінде бүгін 3 ел спортшысы шаршы алаңға шығады, деп жазады Egemen.kz.

Бакудегі халықаралық бәсеке: Бүгін 3 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Фото: gas-kvas.com

Қазақстан бокс федерациясы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде 25 наурыз күні бақ сынайтын боксшылардың аты-жөнін жариялады.

Олар: 

60 келі салмақ дәрежесінде  Талғат Сырымбетов ширек финалда венгриялық Марк Адоль Балохқа қарсы шығады.

71 келіде отандасымыз Дархан Дүйсебай жарыс қожайыны Наби Искандаровпен қолғап түйістіреді.

86 келіде қазақ-өзбек боксшылары Бекзат Таңатар мен Самандар Джалолов өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі 23 наурыз күні жалауын көтерді. Бәсекеде әлемнің 100-ден астам спортшысы бақ сынап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50