Аймақтар • 16 Ақпан, 2024

Эвакуацияланғандар саны 140-қа жетті: Көкпектіде құтқару жұмыстары әлі де жалғасады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эвакуацияланғандар саны 140-қа жетті: Көкпектіде құтқару жұмыстары әлі де жалғасады

Фото: ТЖМ

Сағат 15:55-тегі мәлімет бойынша Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олардың барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Шұғыл медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасады.

Еске салайық, бүгін таңертең Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалғанын хабарлаған едік. Кейінірек сағат 13:15-те МИ-8 тікұшағының көмегімен Қалбатау ауылына 29 адам эвакуацияланғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15