Оқиға • 02 Қаңтар, 2024

Қарағанды облысында 7 көлік апатқа ұшырады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында бір мезетте 7 автокөлік соғысып, ірі жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды облысында 7 көлік апатқа ұшырады

2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1353-1425 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 7 көлік соғысып қалды. Зардап шеккендер жоқ.

«Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолға шыққан. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан», деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15