Қоғам • 04 Қыркүйек, 2023

Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp нөмірін жария етті

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов  WhatsApp мессенджеріндегі нөмірін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp нөмірін жария етті

Фото: blog.eldorado.ru

Министрліктің жеке құрамына арналған телефон нөміріне хабарлама жіберуші адам өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекенін, лауазымын да жазуы керек.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

WhatsApp месенджері арқылы министрмен тікелей байланыс бүгіннен бастап іске қосылады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15