Қоғам • 24 Тамыз, 2023

Алматыда электронды темекі сататын жасырын орын анықталды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда электронды темекіні заңсыз сатқандар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда электронды темекі сататын жасырын орын анықталды

Фото: brestcity.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Олар қалада электронды темекіні заңсыз сатқан қойма үй-жайларды анықтады.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50