Білім • 13 Шілде, 2023

Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жоғары оқу орындары білім гранттарына құжаттар қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

«Бүгін еліміздің барлық жоғары оқу орындары білім гранттары конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер онлайн және оффлайн режимінде құжат тапсыра алады», делінген хабарламада.

Биыл құжаттар eGov арқылы онлайн және ЖОО қабылдау комиссиялары арқылы оффлайн режимінде қабылданады. Сондай-ақ университеттердің виртуалды іріктеу комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген университетте (орналасқан жері бойынша) тапсыруға болады.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37