Экономика • 16 Мамыр, 2023

Еуроаймақта инфляция 7%-ға жетті

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуір айында еуроаймақтағы инфляция қайта өсті. Қымбатшылық әсіресе азық-түлік секторында байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Еуроаймақта инфляция 7%-ға жетті

Еуростат еуроаймақтағы инфляцияға қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады. Дерек бойынша өткен айда инфляция 7%-ға жетті. Азық-түлік қайта қымбаттады. Негізгі инфляция азық-түлік, темекі және алкогольді қоспағанда 5,6% төмендеді.

Қымбатшылық Балтық және Словакия елдерінде қатты байқалды. Эстонияда инфляция 15%-ға жетті. Люксембургте бағаның өсуі 3%-дан аз, Бельгия мен Кипрде 3%-дан сәл артық болды.

Инфляцияның күрт өсуі 2022 жылдың ақпан айында басталған еді. Қазан айында ол 10,6%-ды құраған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15