Қоғам • 20 Сәуір, 2023

Биыл асыраушысынан айырылғандарға қанша жәрдемақы төленді?

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 533,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 194,6 мың адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл асыраушысынан айырылғандарға қанша жәрдемақы төленді?

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 121,4 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 14,9 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 33 279  теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 34 367 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15