Спорт • 19 Наурыз, 2023

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC 286 турнирінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында әлемнің жетекші ММА лигасының президенті Дана Уайт қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?

Дана Уайттан журналист «Белал Мұхаммед үшін келесі жекпе-жек қандай?» деп сұрады. UFC басшысы болса: «Рахмонов. Біз жекпе-жек жөнінде жұмыс істеп жатырмыз» деп жауап берді.

34 жастағы Белал Мұхаммад 2022 жылдың 22 қазанында Абу-Дабиде өткен UFC 280 турнирінде тағы бір америкалық Шон Брэдиді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Ал Шавкат Рахмонов өзінің кейінгі жекпе-жегінде  америкалық Джефф Нилді үшінші раундта жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37