Елорда • 16 Қаңтар, 2023

Елорда көшелерін күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы шықты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 16 қаңтар күні таңертең қала көшелері мен жолдарын тазартуға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда көшелерін күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы шықты

Қалада қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

16 қаңтарға қараған түні елордадан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 678 ауыр жүк көлігіне тең.

Қыс басталғалы бері барлығы 2 млн текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 164 мыңнан астам рейс жасалды.

Сонымен қатар қаладағы тротуарларда тұрғындардың ыңғайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасын себу жұмысы үнемі жүргізіледі.

 

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35