Қоғам • 05 Қаңтар, 2023

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы фильм түсірді

822 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның ресми YouTube арнасында 2022 жылдың қаңтар айында орын алған тәртіпсіздіктерге арналған фильм жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы фильм түсірді

Қайғылы қаңтардың хронологиясын жинақтаған фильм 11 минут 10 секундқа созылады.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 12 ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды, олардың ішінде ең белсенділері «Қазақстандықтар», «Айшуақ-Жантүгел» және «Дикий Арман» тобы болды.

«Соңғылары әртүрлі аудандардан 24 адамды ұрлап кеткен. Оларды «Қазақстан» және Ritz-Carlton қонақ үйлерінің паркингтерінде кепілге алып, ұрып-соғып ұстады», делінген фильмде.

Сондай-ақ қайғылы қаңтар айында бірқатар өңірде ҰҚК жергілікті бөлімшелері мен полиция департаменттерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орнынан кетуге бұйрық бергені белгілі болды. Мысал ретінде Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың полиция ғимаратынан кетіп бара жатқаны көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15