Оқиға • 22 Желтоқсан, 2022

Кеген ауданында жол апатынан 4 адам қаза тапты

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеген ауданында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Hyundai автокөлігін басқарған 44 жастағы ер адам Кеген-Көкпек-Түп автожолының 60-шақырымында рөлге ие бола алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Mitsubishi-мен соқтығысқан.

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ тағы екі зардап шеккен адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалардың тағайындалуымен ҚР ҚК 345-баптың 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді Кеген АПБ бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Әбділдаев.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15