Білім • 26 Тамыз, 2022

Астрономиядан олимпиада жеңімпазы атанды

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы физика-математика бағы­тындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Ерсұлтан Пітебай 12-22 тамыз аралығында өткен International Olympiad on Astronomy and Astrophysics (IOAA) астрофизика және астрономиядан халықаралық олим­пиаданың алтын медаль иегері атанды.

Астрономиядан олимпиада жеңімпазы атанды

Беделді турнирде Қазақстан намысын Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Ерсұлтан Пітебай мен Ахмаджон Табаров қорғады. IOAA мектеп оқушыларының астрономия мен астро­физикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.

15-ші олимпиада Грузияда ұйымдастырылып, 46 елден 250-ге жуық жоғары сынып оқушылары бақ сынасты. Интеллектуалды жарыс әлемнің талантты жастарын бір алаңға біріктіре отырып, олардың астрономия мен жаратылыстану саласындағы жетістіктерін паш етуді көздейді.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше