Қоғам • 06 Сәуір, 2022

Елімізде 1 миллионнан астам жұмысшының жалақысы өскен

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысында жыл басынан бері еңбек дауы бар 140 проблемалық кәсіпорын анықталып, оның ішінде 91 кәсіпорынның мәселесі шешілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 1 миллионнан астам жұмысшының жалақысы өскен

«Жыл басынан бері еңбек даулары бар 140 проблемалық кәсіпорын анықталып, 91-інде мәселе шешілді. 49 кәсіпорында жұмыс жүргізілуде. 800-ден аса заң бұзушылық жойылып, 10 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалды. Екіншіден, 200 кәсіпорында 2,7 мыңнан аса жұмыскер жалақысы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді. Үшіншіден, 1 миллионнан астам жұмысшының жалақысы 5-тен 50%-ға дейін көтерілді», деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, ол қызмет көрсетуші компаниялар қызметкерлерінің жалақысы негізгі компания қызметкерлерінің орташа жалақысының 70%-на теңестірілгенін қоса айтты.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15