Президент • 16 Наурыз, 2022

Дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек – Тоқаев

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында Жаңа Қазақстанды құру елді дамытудың парадигмасын өзгертуді көздейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек – Тоқаев

«Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған. Келелі жиында айтылған кесімді сөзге алты Алаштың баласы түгел тоқтаған. Біз бірліктің бастауы болған осы дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек», деді Президент өз сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты.

«Қазір саяси баррикадалар орнатып, әр мәселеге бола митинг өткізіп, күмәнді шешімдерге жетелеп, жөнсіз талап қоятын уақыт емес. Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ», деді Президент Жолдау барысында.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37