Теннис • 03 Ақпан, 2022

Монпелье турниріндегі жеңіс

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады.

Монпелье турниріндегі жеңіс

Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик алғашқы кездесуін әлем­дік рейтингте 62-орында тұрған Нидер­ланд өкілі Таллон Грикспурмен өткізді. Аса тартыс­ты өткен бәсекенің тағдыры екі сеттегі тай-брейкте шешілді. Шешуші сәтте мықтылық танытқан қазақстандық теннисші 7:6 (7:4), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартыс­ты матчта А.Бублик 20 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдалана алды. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 96-ракеткасы, германиялық Петер Гоевчик немесе рейтингте 113-сатыдағы франциялық Пьер-Юг Эрбердің бірімен күш сынасады.

Бір айта кетерлігі, осы турнирдің іріктеу сайыстарының финалында қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин дәл осы Эрберге есе жіберіп, негізгі додаға қосыла алмай қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Кеше