Қазақстан • 10 Қаңтар, 2022

ҰҚШҰ Қазақстанда әскери контингентті өрістетуді аяқтады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚШҰ Қазақстанда әскери контингентті өрістетуді толық көлемде аяқтады. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚШҰ Қазақстанда әскери контингентті өрістетуді аяқтады

«Кеше ғана біз контингентімізді орналастыруды толық көлемде аяқтадық. Төрт тәулік ішінде Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күштерінің ұшақтары 108-ден астам ұшақ-рейс жасады», деді Станислав Зась ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде.

Ұжымдық бітімгершілік күштерінің контингенттері елордада, Алматы қалаларында және Алматы облысында орналасқандығы атап өтілді.

Командалық пункт Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында ашылды. Әскери контингенттерді материалдық-техникалық жарақтандыруды жіберуші мемлекеттер, сондай-ақ екіжақты және көпжақты негізде ұйымдастырды. Қазақстандық тараппен келісілген операция жоспарына сәйкес ұжымдық бітімгершілік күштер жағдайды тұрақтандыру үшін маңызды әскери және мемлекеттік объектілерді күшейту және қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға кірісті», деп толықтырды Станислав Зась.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37