Үкімет • 04 Қаңтар, 2022

Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.

Еске сала кетсек, Президент кеше Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған еді.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15