Президент • 24 Желтоқсан, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін мерейтойымен құттықтады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты. Президенттер келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50