Оқиға • 07 Қараша, 2021

Абай шахтасында апат болды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай шахтасында апат болды
«Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы орын алды.
Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі», делінген жазбада.
Соңғы жаңалықтар

Бакуде ән салған Әміре

Тарих • Бүгін, 08:00