Медицина • 29 Қыркүйек, 2021

МӘМС жүйесінде емделушілер саны артып келеді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың жарты жылдығында ауруханада күндізгі стационарда ем алғандарды қоспағанда, емделген науқастар саны – 19 894 болса (клиникалық және акушерлік блоктарды қоса алғанда), соның ішінде 16 263-і, яғни 81,7%-ы медициналық сақтандыру жүйесінде емделген, деп хабарлайды Egemen.kz.

МӘМС жүйесінде емделушілер саны артып келеді

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері елімізде медициналық көмектің кең спектрлі мүмкіндіктерін медициналық сақтандыру деңгейінде алуға болады. Оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер де бар. Медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған әр азамат төленген жарна мөлшеріне қарамастан МӘМС арқылы медициналық қызметтердің барлық пакеті бойынша, оның ішінде құны қымбат тұратын жоғары технологиялық медициналық қызметтер де бар, тегін медициналық көмек алады.

«№1 көпбейінді қалалық ауруханада МӘМС аясында 10-нан аса жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетіледі. атап айтқанда: бас және мойын артерияларының эндартериоэктомиясы, бас және мойын қан-тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы, жамбас-тізе буындарын ревизия жасау арқылы алмастыру, терінің аллотрансплантациясы, экстра және интракраниальды қантамырларды шунттау, т.б.» деді Елордадағы №1 көпбейінді қалалық аурухана директорының медициналық қызметтің сапасын бақылау және инновация жөніндегі орынбасары Бақытжан Абдуллаев.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37