Әлем • 16 Қыркүйек, 2021

Францияда студенттер мінген автобус апатқа ұшырады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Майен департаментіндегі Шанже коммунасында 49 жолаушы, соның ішінде колледж студенттері мінген автобус жолдан шығып кетіп, 20 адам түрлі жарақат алды, деп жазады Egemen.kz.

Францияда студенттер мінген автобус апатқа ұшырады

Жергілікті BFM телеарнасының мәліметінше, департаменттің префектурасы жол апатында басқа көлік құралдары зақымдалмағанын растады. Автобус жолдың шетінде аударылып қалған.

Автобус жүргізушісі оқиға орнына келген тергеушілерге өзін жаман сезінгенін айтқан. Полицейлер екі зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады. Құтқарушылар екі жарақаттанушыны Лаваль қаласындағы госпитальге жеткізген.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37